Қазақстанда 82 жастағы қария вирустан жазылып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 82 жастағы қария вирустан жазылып шықты

13.04.2020

Осы коронавирустан жазылып шыққандар арасында 82 жастағы қария да бар. Ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ауруханада 22 күн бойы ем алған әжей бүгін үйіне жіберілді.

Нұр-Сұлтандағы көпбейінді медициналық орталықта қазір ауыр жағдайдағы науқастар жатыр. Бүгін солардың бірі - 82 жастағы қария айығып шықты.

Ал Маңғыстауда коронавирус жұқтырған алғашқы науқас бүгін ауруханадан шықты. 46 жастағы Қайрат Хасанов 17 күн бұрын Түркиядан ұшып келген. Оның «Covid-19» инфекциясына шалдыққаны әуежайда анықталып, бірден ауруханаға жатқызылған.

Дертті жеңіп шыққан азамат өзгелерден сақтақ шараларын сақтап жүруді өтінді. Өйткені, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу маңызды. Ал, қазір ел бойынша осы дертке шалдыққан 21 адам ауыр жағдайда жатыр. 34 236 адам карнатинге алынған. Оның 68 пайызы үй карантинінде.

Аманкелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу