Елiмiздің 13 аймағында 211 дәрiгер коронавирус жұқтырған. Бұл iндетке шалдыққан жалпы науқастардың 20,5 пайызы. Ең көп жағдай Нұр-Сұлтан мен Алматыда, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында тiркелген. Вирус жұқтырғандардың 74-i профильді стационарларда еңбек етеді. Оның ішінде Нұр-Сұлтандағы карантиндік орталықта 20, провизорлық стационарда - 10, инфекциялық ауруханаларда 44 адам жұқтырған. Мұны мамандар, бастапқыда дәрiгерлердiң күнi-түнi жұмыс iстегенiн, ауысымнан кейiн олардың тұратын және демалатын жерлерiнiң жасақталмағанымен байланыстырды. Ал кей жағдайларда дәрiгерлердiң өздерi кiнәлi екенін айтады олар.
Людмила Бюрабекованың сөзінше, орынбасары Жандарбек Бекшин бастаған бір топ дәрігер Атырау облысында жүр. Мамандар Атыраулық дәрiгерлерге сақтық шараларын қалай жүргiзудi түсiндiреді.
Сәуле АЛДАМҰРАТ