Бүгіннен бастап Павлодарда да карантин. Облыстағы азық-түлік дүкендері мен базарлардан басқа оқу орындары, балабақша, емхана, сауда орындары түгелдей жабылды. Қоғамдық көлік жүрмейді. Қала мен аудан шекараларына блок бекеттері қойылды. Осы карантинге қатысты мәселелерді тез арада шешу үшін жедел әрекет ету орталығы құрылды. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде короновирус инфекциясын жұқтыру бойынша 10 дерек тіркелген.
Тоғыз жолдың торабында тұрған Кереку өңірі Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан бөлек Ресейдің үш аймағымен шекараласады. Одан бөлек қалаға кіретін су жолы бар. Ол да назардан тыс қалмаған.
Түс ауа блокпостардан рұқсат құжатсыз өтпек болған 200-ден аса көлік кері қайтарылды. Карантиннің алғашқы күні бұдан басқа заң бұзушылық әрекеттері тіркелген жоқ.
Болат АМАНБАЕВ