Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан 41 жастағы әйел қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан 41 жастағы әйел қайтыс болды

13.04.2020

Елімізде алғаш рет жас адам індеттен қайтыс болды. Ол 41 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Ол -1979 жылы туған әйел адам. Сырқат кеше жедел-жәрдеммен провизорлық стационарға жеткізілген. Сол бойда короновируска жасалған тесттің нәтижесі оң болып шыққан соң, науқас бірден инфекциялық стационардың қарқынды емдеу палатасына жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқас екі жақты пневмония, сол жақты плеврит, жіті респираторлық дистресс синдром, миокардит, сонымен қатар, ауыр алкогольдік интоксикация деген диагноздармен түскен.

 Қайтыс болған адаммен байланыста болған 13 адам анықталып, барлығы оқшауланды. Олардың тұрғылықты жерінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Бүгін қауіпті індет екі адамнан табылды. Жалпы, осы уақытта облыс бойынша короновирус індетіне шалдыққандар саны 8-ге жетті.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу