Елбасы мақаласы елді бірлікке шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы мақаласы елді бірлікке шақырады

10.04.2020

Әлемді толғандырған бүгінгідей дағдарыс кезеңінде Елбасының мақаласы елге рухани тұрғыда үлкен күш берді.  Мәдениет және өнер қайраткерлері осылай дейді. Коронавирустың кең жайылып, дағдарыстың одан әрі өршімеуі үшін мемлекет қолға алған шараларға халықтың да қолдау білдіруі маңызды.  

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов былай деді: «Біздің халық мынадай қиын жағдайда ең алғашқылардың бірі болып кірісті. Ұлылардың сөзін келтіріп, жақсы көп көрім бұл мәлімдеме халыққа зор ықыласпен жетеді деп мен кәміл сенемін. Жалғыз қазба байлыққа, мұнай-газға сеніп отыра бермей, адам байлығы, адамның ақылы әр уақытта жеңіске жететініне сенім білдірген. Мен бұған қосыламын».

Мақаласында ұзақ мерзімді стратегияға көңіл бөлінген. Әсіресе, қазіргі қиындықтан шығу үшін қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану керегі айтылған. Сарапшылардың сөзінше, Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтері еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі ресурс. Сондықтан мақалада осы қорды жүйелі жұмсап, еліміздің болашақ даму бағдарын айқындайтын тетіктер айтылған. 

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу