Індет жұқтырған таксист 11 адаммен байланыста болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Індет жұқтырған таксист 11 адаммен байланыста болған

10.04.2020

Кеше Елордада коронавирус жұқтырған жекеменшік такси жүргізушісі стационарға жатқызылғанын хабарлаған едік. Осыдан кейін жүргізушімен жақын байланыста болған 11 адам анықталып, түгелі үй карантиніне жатқызылды.

Санитарлық норманы сақтамаған жүргізуші айыппұл арқалайды. Қалалық әкімдік 23 ресми таксопаркті бекіткен. 700-ге жуық көлік жолаушы тасымалымен айналысады. Қызметкеке кіріспес бұрын жүргізушілер дәрігерлердің жіті терсеруінен өтеді.   

Қазір күшейтілген карантин режиміне қарамастан такси қызметіне жүгінетіндер көп. Көбісі үйренген әдетінше мобильдік қосымша арқылы тапсырыс береді. Заңсыз болса да, сансыз әлгіндей жүргізушіге шектеу жоқ. Кісідегінің кілті аспанда демей ме. Шетелдік бағдарламаға бұғау салуға құрық бойламай тұр. Дұрысы, індет жұқтырып түңілмеу үшін, жекенің қызметіне жүгінбеу керек. 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу