Павлодарда вирустан 86 жастағы қария қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда вирустан 86 жастағы қария қайтыс болды

10.04.2020

Павлодарда коронавирустан бір адам жазылып шықты. Өкінішке орай қауіпті індеттен 86 жастағы қария көз жұмды. Тағы бір науқас ауруханада. Олармен байланыста болған 300- ге тарта адам карантиндік госпитальде жатыр.

Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, короновирустың құрбаны болған адам ауруханада екі-ақ күн жатқан. Бұрынғы созылмалы ауруы науқастың жағдайын нашарлатып жіберген.

Бақылауға алынған үйлердің тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынды. Олар азық түлік, дәрі-дәрмек, керек-жарақтың бәрімен үздіксіз қамтамасыз етіледі.

Жастыда жасамысты да есіркемеген індетке керекуліктердің төтенше қайрат көрсетеріне сенім мол. Жағдай ушықса қауіпсіздік шаралары күшейеді, әрине. Әзірге, түнгі сағат 10-ға дейін қала ішінде жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу