Дәрігерлер бүгіннен бастап үстемақыларын алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер бүгіннен бастап үстемақыларын алуда

09.04.2020

Коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлер үстеме жалақыларын алды. Жаңа ақы тағы екі ай беріледі. Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің айлығына үстемақы қосуды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды. Осылайша, қауіпті аймақта жүрген медицина қызметкерлері 200 мыңнан 800 мыңға дейін жалақы алатын болды. Бұл — өмірін қатерге тігіп, үй көрмей қызмет істеп жүрген ақ халаттылар үшін үлкен демеу.

Ал Алматыда 3 жарым мыңдай маманға қосымша төлем түсті. Ол үшін 1 миллионға жуық (965 млн) теңге қарастырылған.

Шығыс Қазақстанда 143 медицина қызметкеріне наурыз айы үшін жалақымен қоса үстемеақы төленді. Жақын арада жедел жәрдем қызметінің жұмысшыларына да қаржылай көмек беріледі. Бұл тізімде 270-тей адам бар. Оларға төленетін ақшаның жалпы сомасы 89 миллион теңгеге жуық.

Ал Елордалық дәрігерлер қалыпты жұмыстарына кірісті. Күнделікті науқастарды қабылдап жатыр. Ал карантиндегі екі апта артта қалды. Бұл күндерді олар тек естелік ретінде еске алады.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу