Еліміздің оңтүстік аймақтарында қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің оңтүстік аймақтарында қар жауды

09.04.2020

Ағаштар гүлдеп, жапырағы бүр жарған кезде Шымкентті қар басып қалды.Шымкентте жауған қардың салмағын көтере алмай ағаштар опырылып құлап, жүргіншілер жолы мен көшелерді жауып қалды. 30-дан аса жеңіл автокөлік зақымданып, шаһардағы 8 мыңдай абонент жарықсыз қалды. Кейбір аудандар табиғи газ, байланыс және интернет желісінен ажырады.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының кей жерлеріне де қар түсті. Бір жақсысы- бұл өңірде көкемгі дала жұмыстары аяқталып қойған.

Бүгін Алматыда да күн күрт суытты. Нөсер жауынның соңы қарға ұласып, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп кетті. Таулы аудандарда тобықтан асатын қар түскен.

Сәуір айының басында күн суытып, еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр мен қар жауатынын синоптиктер де алдын ала ескерткен.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу