Диқандар егіс науқанын төтенше жағдай кезінде рұқсат етілген жұмыстардың қатарына қосуды сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Диқандар егіс науқанын төтенше жағдай кезінде рұқсат етілген жұмыстардың қатарына қосуды сұрайды

08.04.2020

Диқандар егіс науқанын төтенше жағдай кезінде рұқсат етілген жұмыстардың қатарына қосуды сұрайды. Өйткені, азаматтардың егістікке баруы, техникалардың жүруі мен тұқым тасымалдауда қиындық туындаған. Аймақ дихандарының басындағы жағдайды Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты. Мәселені шешу үшін облыс әкімдеріне хат жолданғанын айтады ол. Көктемгі егісті кедергісіз ұйымдастыруда мұның маңызы зор. Жалпы дала жұмыстарына биыл мемлекеттік қолдау ерекше. Соның арқасында, егіс алқаптары ұлғайды. Мәселен, қарақұмық егілетін аумақ былтырғыдан 30 мың гектарға көп. Бұл өзімізді осы дақылмен толық қамтуға мүмкіндік береді.

Аймақтарда ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған қаржыны тиімді жұмсау шаралары жүріп жатыр. Мысалы, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген 70 миллиард теңгенің 55 миллиарды игерілген. Ол қаржы шаруаларға жеңілдетілген несие ретінде беріліп жатыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу