Елбасының мақаласына Мәжіліс депутаттары да үн қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының мақаласына Мәжіліс депутаттары да үн қосты

08.04.2020

Елбасының мақаласы Қазақстан халқын жұмылдырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндейді. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын ашқан Нұрлан Нығматулин осылай деді. Қазір әрбір азамат елдің амандығы үшін қолдан келгенін жасауы керек. Ал депутаттар халықтың қажетін қамтамасыз етіп, қауіптен ада болу үшін заңдық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары өздері әзірлеген тұрғын үй оперлаторларының санын қысқарту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Сондай-ақ бейбіт жиындар туралы заң жобасын екінші оқылымда талқыға салды. Заңға бұған дейін ұсынылған өзгерістің бәрі енгізіліп, құжатты Сенаттың қарауына жіберді. Заңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бейбіт жиын өткізу үшін рұқсат алмай ескертумен шектелу қағидасы сақталып қалды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу