Азық түлік бағасын негізсіз қымбаттатқандар жазаланады
Елге ең керекті азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер енді қатаң жазаланады. Оларға, тіпті 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қазір Сауда және интеграция министрлігінің шешімімен, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі бекітілген. Оның 9-на шектік баға қойылды. Сол бағадан асырып, пайда көрмекші болғандарға енді кешірім жоқ. Әр аймақтағы әкімдіктерге бағаны бақылау, мониторинг жасау бойынша тапсырма берілді. Осыған орай, арнайы комиссия құрылып, құрамына заңгер, полиция, кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері кірді. Олар күнделікті қаладағы азық-түлік дүкендері мен ірі супермаркеттерге барып, кәсіпкерлерге ескерту жасап отыруға міндетті.
Амангелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18