Ел бойынша науқастар саны 685-ке жетті
Бір тәулік ішінде елімізде тағы 56 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 685-ке жетіп отыр. 50 адам жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай 6 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің барлық 17 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында. Одан кейін Алматы қаласы. Қарағанды облысында 55, Қызылорда өңірінде 54 науқас тіркелді. Жамбыл облысында 45, Ақмола өңірінде 42, Түркістан аймағында 33, Атырауда 32 адамнан вирус анықталған. Солтүсік Қазақстанда 25, Шымкент қаласында 20, Ақтөбе облысында 11, Алматы облысында 10 дерек тіркеліп отыр. Өзге аймақтарда науқастар саны он адамға жетпейді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06