42500 теңгені алуға жалақысы 500 мың тіпті, миллионға жететін тұрғындар да өтініш берген. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Жалпы, осы уақытқа дейін 938 мың адамнан 1 млн 284 мың өтініш түскен.
Сонымен, ең әуелі, 42500 теңгені кімдер алады деген сұраққа жауап берелік. Бұған дейін тізімде болғандар қалады. Тек қатарға коммерциялық емес, ұйымдардың жұмысшылары қосылды. Ал декреттегілер баласы 1 жастан асса ғана бірыңғай жиынтық төлем төлеп көмекке ие бола алады. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлер төтенше жағдайға дейін жұмыс істесе ғана 42500 теңге ала алады. Осы уақытқа дейін жәрдемақы, зейнетақы алғандарға құжат тапсыудың қажеті жоқ.
Бүгін тағы телеграм-вот іске қосылды. Ол үшін телеграм мессенджеріндегі Help42500воt-қа тіркеліп, берілген нұсқаулықтар орындау шарт. Айтпақшы, әлеуметтік көмек алу үшін жеке шот ашудың қажеті жоқ. Бұрыңғы кез-келген 20 нөмірлі шотыңызды жазасыз. Ал мүлдем шоты жоқтар айвэн жолақты ашық қалдыру мүмкіндігін қазір ІТ мамандар қарастырып жатыр. Құжат қабылдана береді. Бір айда шот ашып, тапсырсаңыз жеткілікті. Электронды почтаңыз болмаса, ол жолақты толтыру міндетті емес. 42500 теңге бір рет тағайындалады да ай сайын беріледі. Екінші рет құжат тапсырудың қажеті жоқ. Осы әлеуметтік көмекті пайдаланып, кез-келген банктің қарыз несиелерді өтеп алуына құқығы жоқ.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ