Ақтөбе қаласында бүгін Нұрсұлтан уақытымен сағат 21:00-ден бастап карантин енгізіледі. Бұл жөнінде облыстың бас санитар дәрігері хабарлады. Яғни,бұған дейінгі қабылданған шектеулер одан әрі күшейтіледі.Облыста қауіпті індет жұқтырғандар саны 11-ге жетті.
Бүгін кешкі сағат 21:00-ден бастап аса маңызды нысандардан бөлек шаһардағы барлықмекемелер жұмысын тоқтатады. Қалаға аумағында 7 блокпост бар. Көліктер арнайырұқсатсыз кіріп-шыға алмайды. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер тек белгіленген уақытаралығында ғана жүреді. Ол үшін кесте бекітілген. Қазір менің жанымда облыстық полиция департаменті бастығыныңбірінші орынбасары Қанат Әлиев тұр. Бұл блокпосттар бұған дейін де жұмыс істеп тұрды.
Қаулыға сәйкес, тұрғындар үйлерінен тек азық-түлікдүкені мен дәріханаға бару үшін ғана шыға алады. Полиция, дәрігерлер мен коммуналдықмекеме қызметкерлеріне ғана ешқандай шектеу жоқ. Қала аумағында залалсыздандыру жұмысы күшейтіледі.
Жақсыбек КЕМАЛ