Басты Жаңалықтар Елімізде 120 медицина қызметкері вирус жұқтырған

Елімізде 120 медицина қызметкері вирус жұқтырған

Аймақтардағы ахуалдың қиындап бара жатқанын бас санитар Айжан Есмағамбетова да растады. Әрі республика бойынша аурудың өсімі 10-11 пайыз деңгейінде екенін айтты. Алайда, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында вирус жұтырғандар саны күн санап өршіп, 20-30 пайызға артып барады.

Ал карантин ерте енгізілген Елорда мен Алматыда індет бәсеңдеп келеді. Мәселен, Елордада 27 наурыздан бастап күн сайынғы көрсеткіш 60 жағдайдан 0-ге дейін азайса, Алматыда бір күндік көрсеткіш 15 пен 6 адам аралығында.

Бір алаңдатарлығы вирус жұқтырғандардың 5-тен бірі, яғни 120-і медициналық қызметкер. Олардың 67-і науқастармен тікелей жұмыс істегендер. Қазір 1 дәрігердің жағдайы ауыр. Ал, 9-ы орташа болса, 57 дәрігердің дерті жеңіл. Айта кетейік, бүгінде індетпен күреске 16 мың ақ халатты жұмылдырылған. Қажет болса тағы 10 мың дәрігер резервте тұр. Ал ауруға шалдыққандардың 45-і бала. Олардың 4-і қазір айығып шықты. Ауруханада жатқан науқастардың 85 пайызының жағдайы жақсы. 11 пайызы орташа, ал, 16 науқас ауыр хәлде.

Амангелді СЕЙІТХАН


Бөлісу