ZOOM бағдарламасының басты екі кемшілігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ZOOM бағдарламасының басты екі кемшілігі

03.04.2020

Ұлттық арнаның тілшілері министрге ZOOM қосымшасы туралы да сұрақ жолдаған еді, алайда жауап алу мүмкін болмады. Естеріңізге сала кетейік, ZOOM бейнебайланыс бағдарламасының екі кемшілігі анықталған еді. Біріншісі, хакерлер Windows операциялық жүйесінің кілтін ұрлайтыны. Екіншісі, ешкімнің рұқсатынсыз веб камера мен микрофонды іске қоса алады. Бұл дегеніміз, хакерлар сіздің сыртыңыздан бейне немесе аудио жазба жүргізе алады деген сөз. Бұған жол бермеу үшін міндетті түрде бағдарламаны, яғни ZOOM қосымшасын жаңартып, компьютерлік жүйені тазалап отыру керек. Жаппай хакерлік шабуылдар мұғалімдер мен оқушылар үшін аса қауіпті болмағанымен, маңызды құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер сақ болуы керектігін айтады амандар.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу