Төтенше жағдай ережелерін бұзғандар жазаға тартылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай ережелерін бұзғандар жазаға тартылуда

03.04.2020

Төтенше жағдай ережелерін бұзу тыйылмай тұр. Заң бұзушылар қатарында жеке кәсіп иелері, тұрғындар, тіпті мемлекеттік мекеме басшылары да бар.  Ал облыс бойынша барлығы 61 әкімшілік іс қозғалған.

Елімізде көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, Ұлттық банктің Ақмола облыстық филиалында үстел теннисінен жарыс өткен. Оған мекеме басшылығы мен қызметкерлері қатысқан. Енді филиал директоры жауапкершілікке тартылмақ.

Көкшетаудағы «Алтын шаңырақ» мейрамханасының иесі. 18 наурызда 100 адамға арналған тойды өткізуге рұқсат еткені үшін жауапкершілікке тартылса да, уақыт өткен соң сол әрекетін тағы қайталаған.

Ал Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы блок-бекеттердің бірінде 34 жастағы азамат заңға бағынбай, полицияға жұдырығын ала жүгірген. 

Ал Алматы облысы Кеген ауданында заңбұзушылықпен күресуге жергілікті белсенді жастар ат салысуда. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу