Талдықорғанда Антикор сервистік орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда Антикор сервистік орталығы ашылды

02.04.2020

Талдықорғанда Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің негізінде Антикор орталығы ашылды. Орталықтың негізгі бағыты жең ұшымен жалғасқан жемқорлықтың алдын алып, құрылымның жұмысын халыққа ашық көрсету. Кеңсе Open Space форматында жұмыс істейді.

Бұл еліміз бойынша ашылған 14-ші орталық. Екі қабатты ғимаратта процессуалды офицер, парасаттылық және превенция басқармасының мамандары мен Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңсесі халыққа қызмет көрсетеді. Тұрғындардың мәселелерін шешуге көмектесіп, жол көрсетіп, құқықтық кңѕес беріп отырады.

Сондай-ақ орталықта қоғам белсенділері, арнайы мониторигтік және ақпараттық-насихат топ мүшелері кездесіп, пікірталас алаңын ұйымдастыра алады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу