Карантин талаптарын бұзғандар сотталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин талаптарын бұзғандар сотталып жатыр

01.04.2020

Карантин тәртібін бұзбаңыз, оның өтеуі өктем әрі сот шешімі жылдам. Сізбен ешкім әуреге түспейді, ақтамайды, кешірмейді. Жазаңызды жылдам береді. Онлайн, 10 минутта. Елордада ережені елеп-ескермеген 274 адамға қашықтан сот шешімі шықты. Қатаң тәртіпке құлақ аспағандардың көбі – карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған және қалта қамы үшін жеке кәсіпкерліктерін жалғастыра берген.

 Карантин режимі енгізілгелі, елордадағы мамандандандырылған ауданаралық әкімшілік сотта, қашықтықтан 300-ге жуық іс қаралған. Оның 200-дейіне айыппұл салынса, жүздеген жауапсыз қамауға алынған.

Темірдей тәртіп орнаған аптаның алғашқы күндері, қаладағы әкімшілік сотта күніне 60 іс қаралған. Онлайн. Қазір, үш есеге азайды. Бұл – қазақстандықтардың карантинге көніп, жауапкершілікті түсінгендерін білдіретінін айтады судьялар.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу