Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіледі

30.03.2020

Коронавирус кесірінен жұмысы тұралап қалған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шыққанын жазды. Сонымен қатар қазіргі төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер көтеріп отырған мәселелердің өзекті екенін атап өтті. Бүгінде осы бағытта бірнеше шешім де қабылданған. Солардың бірі жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік қолдау көрсету.

Соңғы жарты айдан бері кәсіпкерлер қарамағындағы қызметкерлерінің жағдайына алаңдаулы еді. Бұл ретте жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік қолдау көрсету, жалпы салықтан жеңілдік жасау, несиені төлеу мерзімін кейінге шегеру сияқты шаралар осы уақытша қиындықты еңсеруге септігін тигізбек.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу