Елімізде 4 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 4 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

30.03.2020

Науқастар дертінен айықпайынша дәрігерлер үйіне қайтпайды. Мамандарға қонатын жер, ішетін ас, мінетін көлігіне дейін ұйымдастырылып жатыр. Бірақ қолға алынған шара әр өңірде әр түрлі. Бұл медицина қызметкерлерінің сау адамдармен байланыс орнатпауы үшін жасалып жатыр. Себебі олардың ішінде ауру жұқтырғандар да бар.  

Атырауда үш медбике індетке ілікті. Олармен қарым-қатынаста болған 27 адам анықталып, түгел карантинге жатқызылды. Қалалық емхана қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен.

Қызылорда да 23 жастағы медбике коронавирус жұқтырып алды. Ол емханада әдеттегідей міндетін атқарған.

Айта кету керек №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді. Онда жедел респираторлы вирустық инфекция белгілері бар науқастар қабылданады. Емделушілерге коронавирусқа зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу