19-наурыздан бері Нұр-Сұлтан қаласының аумағына заңсыз кіріп, шыққысы келген 61 адам ұсталды. Олардың кейбірі блогбекеттегі тәртіпке бағынбай, қарсылық танытқан. Сол 61 адамның 45-і 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, қазір кәсіпкерлік нысандар да қатаң тексеріліп жатыр. Бүгінгі мәліметке сай, 103 кәсіпкерлік нысан заңсыз жұмыс істегені анықталды. Нәтижесінде, 4 кәсіпкер 5 тәулікке қамауға алынды. Қалғандарына айыппұл салынды. Медициналық бетперделер мен ансисептиктерді заңсыз саудалау бойынша қалада 30 дерек тіркелген. 17 мыңнан аса медициналық бетперде мен 1 800 литрден аса антисептик заттары тәркіленді. Олардың барлығы сот шешіміне сәйкес, медицина мекемелеріне берілді. Яғни халық игілігіне өтеді.
Жалпы карантин режимін сақтамағандар қатаң жазаланады. Тәртіпке бағынбай, талапты бұзғандарға айыппұл салынады. Тіпті 15 тəулікке дейн қамауға алынады. Ал азаматтар құқын қорғау органдарының талаптарын орындамағандар 106 мың теңге өтейді. Я болмаса 10 тəулікке əкімшілік қамауға алынады. Әрі билік өкілінің талабын елемесе 5,3 миллион теңге айыппұл арқалайды. Немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру да көзделген.
Азамат НҰҒЫМАНОВ