Басты Жаңалықтар Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды

Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды

Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды. Кез келген адам өз денсаулығынан күдіктенетін болса анонимді сауалнамадан өте алады. 3-4 сұраққа жауап беріп, ары қарай не істеу керектігі жайлы маманнан кеңес алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді. Шетелден келген азаматтарды тіркеу жұмыстары да электронды нұсқаға ауыстырылды. Ол жерде азаматтың қай елдерде болғаны, кімдермен жақын байланыста болғаны және денсаулығы туралы ақпарат болады. 

Бөлісу