Биыл 9 мың шақырым жолды жөндейді
Еліміз бойынша ақылы жолдардың 15 учаскесінде жол жүру ақысын төлеу уақытша тоқтатылды. Бұл норма жөндеу жұмыстары толық аяқталғанша сақталады. «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы төрағасының айтуынша, қазір 477 шақырым жолда жарықтар мен ақауларды жою жұмыстары басталған. Жалпы биыл 9 мың шақырымға жуық республикалық автожолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен бірге, ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын ауқымды 7 жаңа жобаның құрылысы басталады. Жаңартылатын жолдардың ішінде соңғы 30-40 жылда жөнделмеген, сондай-ақ туристтік, мәдени және тарихи кешендерге алып баратын бағыттар да бар. Компания басшысы жұмыс сапалы жүргізіледі дейді. Әрі талап та қатаң болмақ. Былтыр жол жөндеу жұмыстарында олқылық жіберген мердігерлерге 800 миллион теңгедей айыппұл салынған. Тағы 10 компания сотқа тартылған.
Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Биылдан бастап біз кепілдік уақытын 5 жылға дейін создық. Екіншіден, айыппұл енгіздік. Біздің ай сайынғы бағдарламамыз бар. Ай сайын осынша шақырымды аяқтау керек ол. Бірінші ай жасалмады ма? Мысалы 30 шақырым асфальт төсеу керек, 30 шақырымын жаппаса айыппұл саламыз. Ендігі жолы 30 болды ма тағы бірінші айды жаппағаны үшін қосылады. Солай-солай екі-үш айды жаппағаннан кейін біз міндетті түрде келісімшартты бұзамыз, сотқа береміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы