Мәслихаттың рөлі артып, уәкілеттілігі күшейеді
Елімізде мәслихаттардың рөлі артып, уәкілеттілігі күшейе түспек. Бүгін Мәжілісте «жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Баяндамашы ұсынылып отырған нормалар мәслихаттардың рөлін арттыратынын айтады. Заң жобасына өңірлердің қаржылық дербестігін күшейтуге бағытталған нормалар енгізіліп отыр. Жергілікті бюджеттерге тағы үш түрлі төлем мен айыппұл берілмек.
Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:
Осылайша жергілікті өзін-өзі басқару органдары қаражатты бөлуге және шешім қабылдауда көбірек еркіндік алады. Мәслихат қызметінің ашықтығын арттыру және цифрландыру көзделіп отыр. Мысалы, сессияларды онлайн көрсету, құжаттарды жариялау және хат алмасуды жүргізу талаптары енгізіледі. Заң жобасы арқылы депутаттардың жауапкершілігі күшейтіледі және мәслихат төрағасының өкілеттік мерзімі шектеледі.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04