Вирусты жұқтырмаудың бірден-бір амалы — үйден шықпау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусты жұқтырмаудың бірден-бір амалы — үйден шықпау

26.03.2020

Әлемді әбігерге салған жұқпалы дертті жұқтырмаудың бірден-бір амалы — үйде отыру. Оқшаулану. Осы індеттің таралуына жол берілмес үшін де елімізде бірден төтенше жағдай жарияланды. Алайда кейбір азаматтар оның салмағын түсіне алмай отырған сыңайлы. Өйткені көшеде балаларын ертіп, бейсауыт қыдырып жүретіндер әлі де бар.

Қазақстан жұқпалы індет тараған Қытаймен көлік және әуе қатынасын ақпан айынан бастап тоқтатты. Сол арқылы вирустың елімізде жаппай таралуына жол бермеді. Ал коронавирусқа селсоқ қараған еркін ел Европа Қытайдан бетер зардап шегіп жатыр. Бұл басқа елдерге сабақ болмақ. 

Қалай дегенмен де, әлемді шарпыған жұқпалы індет қазақ жеріне де жетті. Мемлекет онымен күресудің нақты бағдарламасын әзірлеп, ол бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Ал біздің міндетіміз - мамандардың кеңесін бұлжытпай орындап, карантин біткенше үйде отыру. 

Сәуле АЛДАМҰРАТ 


Хабарламаларға жазылу