Жетісулық волонтерлар таңмен таласа Талдықорғанның саяжайларын аралап, негізінен көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты қарияларды түгендеп жүр. Бір қорапта ең қажетті азық-түлік болса, екіншісінде тазалық үшін керек заттар. Сондай-ақ, түнімен тігіп шыққан маскаларды да үлестіруде. Бала күтімен үйде отырған көпбалалы аналар үшін жастардың қолдауы дәл қазіргі жағдайда өте қажет.
Ал Маңғыстаулық волонтерлар бетперде тігіп, оны адам көп шоғырланатын орындарда тегін таратып жатыр. Жастарға жергілікті кәсіпкерлер де қолдау білдірген. Олар бірнеше күн ішінде 3 мыңға жуық маска үлестірді. Ал, «Жас отан» жастар қанатының мүшелері болса, «Біз біргеміз!» республикалық акциясын қолдап, жалғыз басты қарияларға, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мейлінше жәрдемдесуде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ, Ермек ЕЛБЕРГЕН, Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ