Шетелдегі азаматтарымыз елге қайта алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі азаматтарымыз елге қайта алмай отыр

20.03.2020

Әлемде жағдай ушығып тұрғанда, сыртта жүрген отандастарды елге қайтару оңай болмай тұр. Коронавирустың кесірінен, көп ел шекарасын жауып тастады. Алайда құзырлы органдар қол қусырып отырған жоқ. Көпшілігіне жағдай шиеленіспей тұрып жетіп алу туралы айтылғанымен, елегендер аз. Енді келісімдер жүргізуге және тоқтатылған ұшақты көкке көтеруге тура келіп отыр.

1300 отандасымыз әлем бойынша көмек сұрап отыр. Қазір дипломаттар Қырғызстанда қалған 21 адамға қол ұшын бермек. Олардың қатарында мүгедек балалар бар.

Сондай-ақ ведомство жуық арада халықаралық әуе қатынасы үзілген Польша, Грузия және Әзербайжандағы отандастарымызға көмек бермек.

Елшілік тізіміндегілерден бөлек, шет елдерде біздің туристеріміз де бар. 5 мыңға жуық. Енді оларды чартерлік рейспен жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, елге келгендер карантиндегі қалаларға кіргізілмейді. Мәселен, Грузиядан қайтқандар Таразға, ал Польшадан жеткізілгендер Қарағандыға түседі деп жоспарланған.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу