Карантин кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға әскерилер жұмылдырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалауға әскерилер жұмылдырылады

18.03.2020

Шет елдердегідей, бізде де әскерилер вируспен күресуге көмектеспек. Карантин кезінде бас қаланың қауіпсіздігін 8 мың полицей мен 4 мың ұлттық ұлан сарбазы бақылайды. Сақшылардан бөлек қалаға кіре беріс блокпостарда әскерилер мен дәрігерлер тәулік бойы тізе қосып әрекет етеді. Карантинге дайындық туралы тілшіміз баяндасын.  

Елордалық құқық қорғаушылар- ерекше режимге көшті. Басты міндет -індеттің етек жаюына жол бермеу. Шаһарға келімді кетімді көліктерді қадағалап, күдік келтірген тұлғаларды анықтауға атсалысу.

Полицейлерден бөлек қала қауіпсіздігін қысылтаяң шақта жедел әрекет ететін әскерилерде күзетеді. Зақымдану қаупі бар аумақтар мен нысандарды өңдеу үшін арнайы даярлықтан өткен жасақтар құрылды.

Елең-алаң шақта қабылдап жатқан бұл шаралар ең әуелі сіз бен біздің бас амандығымыз үшін. Сондықтан, сақшылар тосын тәртіпке түсіністік танытып, жайсыз жағдайда жұдырықтай жұмылуға шақырды.


Хабарламаларға жазылу