Елордадағы оқшауланған ортадағы дәрігерлердің жұмыс барысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы оқшауланған ортадағы дәрігерлердің жұмыс барысы

16.03.2020

Қатерлі вирустан қаймықпаған бір топ дәрігерлер елордадағы оқшауланған ортада жүр. Қазір аталмыш ауруханада вирусты жұқтырғандардан бөлек, 1 а санатқа жататын Италия, Оңтүстік Корея және Қытайдан келген жолаушылар карантинде жатыр.

Бұл мекемеде коронавируспен науқастанғандар мен карантинге алынғандар жатыр. Ішке кіруге рұқсат жоқ. Сондықтан дәрігерлердің өз-өзін түсіруді өтінген едік.  

Мамандар әр тексеріс сайын бір рет қана киілетін қорғаныш костюмдері, бахила, бас киім, аяқ киім, көзілдірік, қолға қолғап киеді.  

Бүгінгі тексеріс нәтижесінде, екі пациент ауруханадан шығады. Оларға еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Осылайша жанын шүберекке түйіп, жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің бір күні аяқталды.  

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу