Ірі спорттық жарыстар кейінге ысырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі спорттық жарыстар кейінге ысырылып жатыр

15.03.2020

РИА Новости хабарлауынша Испания премьер-министрі Педро Санчестің жұбайы Бегонья Гомеске жұққан. Ерлі-зайыптылар резиденциясында көрінеді. Алдында бұл елдің министрлер кабинетінің екі мүшесінен табылған. Ал Испания патшайымы Летисия карантинде. Кейін вирус анықталған бір министрдің қатысуымен өткен шарада болған.

Иә, әлемдегі ахуалды да қалт жібермей қадағалап отырмыз. Шошытатын ой жоқ. Дегенмен, оқып отырсыздар ғой, вирус бейнелеп айтқанда бай, кедей, қарапайым адам, жоғары лауазымды шенеунік деп бөлмейді. Сақылдап күліп, сарт еткізеді екен. Атақты америкалық актер Том Хэнкстің жұбайымен жұқтырғаны бір мысал. «Форрест Гамп» деген күшті кино естеріңізде ме, сонда басты кейіпкерді сомдаған.

Сонымен бірге ірі спорттық жарыстар да кейінге, кейінге болғанда белгісіз уақытқа ысырылып жатыр. Тіпті биылғы жазғы Олимпиада өтпейді-ау деген айтыла бастады.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу