Вирусқа байланысты спорттық жарыстар тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирусқа байланысты спорттық жарыстар тоқтатылды

13.03.2020

COVID-19 «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан да анықталып отыр. Осыдан кейін команданың негізгі құрамы карантинге жабылып, алдағы күндері өтуі тиіс ойындар кейінге қалды. Ал УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын уақытша тоқтатты. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды. Елімізде де Қазақстан футбол федерациясы бірқатар спорттық іс-шараларды тоқтатты. Оның ішінде футзал, әйелдер футболы, балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық футбол, ардагерлер арасында жарыстар, білім беру семинарлары мен әртүрлі форумдар бар. Алайда, Премьер-Лига чемпионатының ойындары жалғаса береді. Бірақ жанкүйерлер үшін стадиондар жабылады. Бұқаралық ақпарат өкілдері де қатыспайды. Тек тікелей көрсетілімдер ұйымдастырылады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу