Қазақстан спорттық державалардың біріне айналды - Тастанбек Есентаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан спорттық державалардың біріне айналды - Тастанбек Есентаев

17.11.2014
Қазақстан спорттық державалардың біріне айналды - Тастанбек Есентаев

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мақсатында алғаш рет Дене шынықтыру және спорт туралы Заңға параспортты дамыту бойынша бап енгізілді.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында елімізде спорт саласы жоғары қарқынмен дамуда. Қазақстанда бірқатар ірі халықаралық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, бүгінде еліміз спорттық державалардың біріне айналды.

2014 жылдың 3 шілдесінде қол қойылған Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа Заңда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту мақсатында «Паралимпиадалық қозғалыс», «Сурдлимпиалық қозғалыс» және «Арнайы олимпиадалық қозғалыс» баптары енгізіліп отыр», - дейді Есентаев.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, Үкіметтің қаулысымен жоғары деңгейдегі спортшыларды жыл бойы дайындайтын спорттық орталық ашылды.

Айта кетейік, биылғы жылдың 18-24 қазан аралығында Инчхон қаласында Паралимпиада ойындары өтті. Онда 43 елдің спортшылары 605 медаль жиынтығын сарапқа салды.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу