Коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады

28.02.2020
Коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады

2 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады. Мұндай шешім дертті жұқтырудың алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді.

Ал балалар сәуір айының басында ғана сабаққа қайта оралады. 

Сондай-ақ Жапония премьері елдегі ірі спорттық және мәдени шараларды екі аптаға кейінге қалдыруды тапсырды. 

Бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 900-ден асты. 8 адам қайтыс болған. 


Хабарламаларға жазылу