Батыс Қазақстан облысында теннис кешені ашылады

08.09.2014
Батыс Қазақстан облысында теннис кешені ашылады

Батыс Қазақстан облысында инвесторлар қаражатына 1,6 миллиард теңгенің теннис кешені ашылады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кешен құрылысымен танысты.

Нысан 2012 жылы салына бастаған.

«Кешен жобасы халықаралық талаптарға сай дайындалған. Оның ішінде 4 ішкі ойын корты мен 4 сыртқы ойын корты бар. Трибуна 250 орынға есептелген. Мұнда кез келген деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады.

Нысан тек ірі жарыстар өткізу үшін емес, сонымен қатар, балаларды спортқа баулу мақсатымен де салынған», - дейді «СВ плюс» мердігер ұйымының жетекшісі Сәбит Өтебалиев.

Құрылысшылардың айтуынша, барлық жұмыс қазір жоспарға сай жүріп жатыр. Спорттық нысан 20 қараша күні пайдалануға беріледі.

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу