Жолдағы балалар қауіпсіздігі мәселесіне қатысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдағы балалар қауіпсіздігі мәселесіне қатысты жиын өтті

13.03.2020

Жыл басынан бері 1893 жол көлік апаты тіркелген. 254 адам жарақат алып, 212 адам қаза тапқан. Оның 17-і балалар. Жолдағы балалар қауіпсіздігін көтерген дөңгелек үстел қатысушылары осындай статистиканы алға тартты. «Жолдағы қауіпсіздік» атты дөңгелек үстелге Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктері, ЮНИСЕФ ұйымы мен «Яндекс.Такси» компаниясы қатысты.

Жыл сайын елімізде жол көлік апатынан 2,5 мың адам қаза табады. Арасында балалар бар. Себебі көп көлікте балаға арналған арнайы кресло жоқ. Дөңгелек үстелге қатысушы «Яндекс.Такси» компаниясы осы олқылықтың орнын толтыру үшін «Балаларға арналған қызмет» түрін тұтынушыларға ұсынып отыр. Әлемнің 7 елі, 181 қаласында енгізілген бұл қызмет түрін енді елімізге енгізу үшін алдымен ата-аналарға бала қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек дейді компания өкілдері.

Сақтықта қорлық жоқ! Заңмен орнатылған тәртіппен жүрсек, бауырымыз бүтін, баламыз аман болатыны хақ!

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу