Нұр-Сұлтан бойынша ресторандардың 40 пайызы той өткізуден бас тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан бойынша ресторандардың 40 пайызы той өткізуден бас тартқан

13.03.2020

Той дегенде қу басы домалайтын қазақ қазір әрі-сәрі.

Тек Елордада 2000-ға жуық мейманхана клиенттерінің 40 пайызы тойдан бас тартқан. Бұл тек соңғы екі күндегі жағдай. Қазақстан рестораторлар клубының мүшелері егер бұлай жалғаса берсе, шығынға шаш етектен батамыз деп отыр.

Қазақстанда жалпы, 18000нан астам дәмхана мен мейманхана бар. Егер той өткізушілердің бәрі бас тартса, кәсіпкерлер шығынға ұшырап, жабылуы да мүмкін.

Тойдан бас тартқан халыққа алдын-ала төлем түгел өтелмейді. Келісім солай болғандықтан, қос тарапта шығынға ұшырайды. Сондықтан кәсіпкерлер палатасы бұл түйткілді қадағалауға алып, қолдау танытуға ниетті.

Той дүйім ел жиналатын думан. Тілек айтуы, құшақтасу, құттықтау әдет болғанымен, дәл қазіргі уақытта қауіпті құбылыс. Сондықтан шешім қабылдау әрине әлеуметітң өз еркіңде.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу