Дезинфекциялық өнім өндіру 2 жарым есеге ұлғайтты
Павлодардағы дезинфекциялық өнімдер шығаратын кәсіпорын өндіріс қуаттылығын 2 жарым есеге ұлғайтты. Сұйық препараттармен қатар түйіршектелген құрғақ өнім өндіретін жаңа желі іске қосылды. Ауру қоздырғыш бактерияларды жоюға арналған бір түйір дәрі 150 шаршы метр аумақты залалсыздандыра алады. Бұған дейін аталған препарат сұйық күйінде медициналық мекемелерге ғана арналып шығарылатын. Енді мектептер мен балабақшалар, көлік саласы және тамақ өндірісіндегі кәсіпорындар мен косметикалық салондар тегіс алып жатыр. Жалпы, шығарылатын тауар түрі 30-ға жуық. Өндіріске қажетті шикізат әзірге шетелден әкелінеді. Сондықтан кәсіпорын отандық ғалымдармен бірлесіп импорт алмастыру бағытында жұмыс істеп жатыр.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18