Коронавирусқа байланысты өңірдегі кірпіш зауыты іске қосылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты өңірдегі кірпіш зауыты іске қосылмай тұр

12.03.2020

Солтүстік Қазақстан облысында шектеу шараларына байланысты кірпіш зауытының құрылысы кешеуілдеп жатыр. Өйткені қондырғыларды орнататын жұмысшылар Қытайдан келуі керек. 270 миллион теңгеге сатып алынған құрылғылар контейнерлердің ішінде со күйі жатыр. Былтыр кәсіпорын қаржының жоқтығынан кідірсе, биыл тағы тоқтап тұр. Ал облысқа құрылыс материалдары еліміздің басқа өңірлерінен және көршілес Ресейден тасымалданады. Сондықтан аймақта баспананың бағасы да шарықтап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, індет көп тараған мемлекеттердің азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салынған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, ақпан айынан бастап 1 жарым мың шетелдік маман елімізге жіберілмей отыр.

Сағындық МАУҒАЗИН


Хабарламаларға жазылу