Елордалықтар тұрғын үй құрылысына қарсылық танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар тұрғын үй құрылысына қарсылық танытты

11.03.2020

Елорданың қақ ортасындағы бұл мектептің оқу тәртібі ерекше. Тәулікте 3 ауысым, бір сыныпта 40 бала. №59-шы мектеп-лицей айналасына тұрғын үйдің есепсіз салынғаны сонша, мұнда келетін оқушы саны 3000-нан асып кеткен. Оқушылардың ойлағаны сабақ емес, кабинеттің тарлығы. Сол себепті бүгін ерекше «ашық сабақ» далада өтті. Өткізген мұғалімдер емес, ата-аналар.

Тығыз болып тұрған мектептің іші ғана емес, сырты да. Тұрғындар ашулы. Тарлықтан тарыққан тұрғындар жаңа көршілердің келуіне риза емес. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерге 24 қабатты бірнеше үй салынғалы жатыр.

Соңында сәулет басқармасына біз хабарластық. Бұл жолы жауап алынды. Расымен де, ол жерге тұрғын үй кешені мен бір балабақша құрылысы жоспарланған. Мұның барлығы бас жоспарға сәйкес. Тұрғындардың сауалынан соң құрылыс компаниясына мектеп салу туралы ұсыныс жасағанын айтады басқарма басшысы.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу