Ақмола облысында 125 ауылды су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 125 ауылды су басу қаупі бар

10.03.2020

Жеті облыс су тасқынының алдында тұр. Егер күн күрт жылынса Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар өңірлерінде жағдай қиындай түсуі бек мүмкін. Ал ертеңнен бастап ауа температурасы көтеріледі. Осы ретте мамандар әсіресе Солтүстік Қазақстанға алаңдаулы. Онда 90-нан астам елдімекенді су басу қаупі бар. Ал Ақмолада тіптен көп. 125 ауыл. Дені өзен жағалауында орналасқан. Төтенше жағдай болса тұрғындарды эвакуациялау үшін 192 орын дайын. Бүгінге дейін 11 жарым миллион текше метр қар шығарылған. Енді бірқатар аймақта мұз жару жұмыстары басталады. Сондай-ақ қазір су қоймаларының сыйымдылығы мен тазарту шараларына басымдық беріліп отыр. Өйткені биылғы қардың көлеміне қарай су қоймалары 100 пайызға толатынына шүбә жоқ. Айта кету керек, тасқынның алдын алуға 2017-2020 жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінді. Апатты болдырмау мақсатында Жол картасы бекітілді.

Нысаналы ЫҒЫЛ 


Хабарламаларға жазылу