Егер күн күрт жылынса Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар өңірлерінде жағдай қиындай түсуі мүмкін. Ал ертеңнен бастап ауа температурасы көтеріледі. Мамандар әсіресе, Солтүстік Қазақстанға алаңдаулы. Онда 90-нан астам елді мекенді су басу қаупі бар. Бүгінге дейін 11 жарым млн текше метр қар шығарылған. Енді бірқатар аймақта мұз жару жұмыстары басталады. Сондай-ақ, қазір су қоймаларының сыйымдылығы мен тазарту шараларына басымдық беріліп отыр. Өйткені биылғы қардың көлеміне қарай су қоймалары 100%-ке толатынына шүбә жоқ. Айта кету керек, тасқынның алдын алуға 2017-2020 жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді. Апатты болдырмау мақсатында «жол картасы» бекітілді. Соған сай 9 мың құтқарушы мен екі мыңға жуық техника тасқынға тас түйін дайын тұр.
Нысаналы ЫҒЫЛ