1 сәуірге дейін тіркелмеген азаматтарға медициналық қызмет көрсетілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 сәуірге дейін тіркелмеген азаматтарға медициналық қызмет көрсетілмейді

06.03.2020

Денсаулық сақтау министрлігі 2 миллионға жуық адамды іздеп жатыр. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізімінде жоқ. Яғни мәртебесі анықталмаған. Ал бұл алдағы уақытта үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, бірінші сәуірден бастап ол азаматтарға медициналық қызметтің кейбір түрлері көрсетілмейді. Бұл МРТ, қымбат құрылғылар арқылы жасалатын сараптама, тағысын тағылар. Қор мамандары 2 миллионға жуық тұрғынды қалай іздейді, ол азаматтар өздерінің мәртебесін анықтау үшін қайда баруы керек.  

Міндетті әлеуметтік сақтандыруда екі пакет бойынша қызмет көрсетіледі. Біріншіге - жедел жәрдем қызметі, емхана, ауруханаға жату сынды ем шаралар кіреді. тіркеуде жоқ 2 миллион адамға бұл қызмет түрлері көрсетіледі. Екінші пакет бойынша мәселе туындайды.

Мәртебесі анықталмағандардың көбі — жұмыссыздар. Егер ол жұмысы жоқ адам ретінде тіркелсе, ол 15 санаттағылардың қатарына кіріп, оған жарнаны қор төлейді. Олай болмаған жағдайда ол азамат өзі үшін ақша салуы тиіс. Өзін жұмыспен қамтып жүргендер де жарнаны салып отыруы керек. Сонда ғана олар жүйеге автоматты түрде тіркеледі. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу