Коронавирусқа байланысты мұнай арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты мұнай арзандады

06.03.2020

Коронавирустың таралуы қара алтын бағасын тағы құлдыратып жатыр. Жыл басында баррелі 60 доллардан сатылған мұнайдың құны қазір 50 долларға дейін түскен. Өйткені әлемге таралып жатқан қауіпті індеттің кесірінен жер-жерде карантин жарияланып, ірі корпарациялар жұмысын тоқтатқан. Салдарынан мұнайға сұраныс азайып, баға құбыла бастады. Сондықтан ОПЕК ұйымына мүше мұнай экспорттаушы елдер тұрақтылықты сақтау үшін шикізат өндіруді тәулігіне 1,5 миллион баррельге азайтуға келісті. Бұл қара алтын құнының құлдырауына жол бермеуі тиіс. Ал Қазақстан мұнай өндірісін шектей ме? Оны еліміз құрамына кіретін ОПЕК ПЛЮС ұйымына мүше мемлекеттер бүгін түнде Австрияның Вена қаласында өтетін жиында талқылайды. Мұнай өндірісіне қатысты Қазақстанның позициясы сонда айтылады деп күтіліп отыр.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу