Мергендер Токио Олимпиадасының екі лицензиясын ұтып алды
Токио Олимпиадасында нысана көздеу спортының серкелері мүлт кетпейміз деп отыр. Мергендердің қоржынында қазір екі лицензия бар. Ендігі мақсат Үндістан елінде өтетін Әлем кубогында топ жарып, тағы бірнеше жолдама ұтып алу. Спортшылардың негізгі базасы Шымкент қаласында. Жақында ғана осы шаһарда жаңа заманауи кешен ашылып, жаттығуды шыңдай түсуге жағдай жасалды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында отандық сұрмергендер олимпиаданың 3 медальіне ие болған. Спортшыларымыз күн шығыс елінде де жеңіс тұғырына көтерілуді көздеп отыр. Бапкерлер Азия ойындарында күміс алған Сәрсенкүл Рысбекова мен үздік алтылыққа енген Юрий Юрковқа сенім артады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06