Нұр-Сұлтанда автобуста тегін жүруге арналған балалар картасын онлайн рәсімдеуге болады
Онлайн қызмет 7 наурыздан бастап қолжетімді болады. Ал 28 наурыздан бастап балалар автобуста тегін жүреді.
Балалардың атаулы көлік картасын transcard.kz сайты арқылы рәсімдеу керек.
Қажетті құжаттар:
7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін
• Туу туралы куәлігі;
• Оқу орнынан анықтама;
• 3х4 сурет (ақ фонда);
16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін
• Жеке куәлігі;
• Оқу орнынан анықтама;
• 3х4 сурет;
Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасай аласыз. Құны – 400 теңге. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаңызға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді.
Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекенжайында орналасқан орталық кассадан ала алады. Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы