Сенат спикері Дариға Назарбаева бұл функцияны «Атамекеннен» алып, мемлекетке қайтаруды ұсынып отыр.
Өйткені кәсіпкерлер палатасына шағымданушы бизнесмендер көп. Айтуларынша, сертификатты алу процесі тым күрделі, әрі ұзақ. Екі-үш ай уақыт күтесің. Сондықтан маңызды құжатты беру міндетін мемлекетке қайтару қажет. Жалпы индустриалды сертификат отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік сатып алуларға қатысып, өнімін экспорттау үшін керек. Яғни ол кәсіпорынның төлқұжатты іспетті. Онсыз бизнесмендер сатып алуларға қатысып, тауарын шетелге экспорттай алмайды. Сондықтан Дариға Назарбаева сертификат беруді барынша жеңілдету керек деп отыр. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына да жол ашатынын айтады Сенат төрайымы.
Ал ұлттық кәсіпкерлер палатасы болса іле-шала мәлімдеме жасап, сертификаттардың барлық талаптарға сай беріліп жатқанын айтты. Халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған механизмнің егжей тегжейіне дейін түсіндіріп беруге әзірміз деді басқарма төрағасы Асқар Мырзахметов. Тіпті біздегі құжат беру құны мен уақыты көршілес елдерден едәуір арзан әрі жылдам көрінеді.
Досжан МАРАТҰЛЫ