Өңірлерде коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді

04.03.2020

Еліміздің барлық өңірлерінде коронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтілді. Облыс орталықтары мен қалалардағы әуежай, теміржол вокзалдарында медициналық мекеме мамандары эпидемияға қарсы оқу-жаттығу шараларын өткізіп, дайындықтарын пысықтады.

Ал Ақмола облысында білім беру мекемелерінде санитарлық талаптарға басымдық берілді. Коронавирус тіркелген елдерде болған 25 тұрғын дәрігерлер қарауында болып, олардың 20-сы үйлеріне жіберілді. Шет елдерде болған азаматтар туралы мәліметтер үсті үстіне нақтылануда. Туристік ұйымдармен байланыс тығыз.

Батыс Қазақстан облысында Ресеймен арадағы үш шекара бекетінде бақылау күшейді.

Шетелден келгендер арасында сауалнама жүргізілуде. Бүгінде Оралмен Германияның Франкфурт және Ресейдің Мәскеу қалалары арасында әуе ұшақтары қатынайды. Қазір қатерлі індет тараған елдерден келген барлық азаматтарға қатысты ақпараттық база жасақталған.

Нұргүл АХМЕТОВА


Хабарламаларға жазылу