Түркістан облысында су тұрмайтын тоған бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында су тұрмайтын тоған бар

03.03.2020

Ішінде су тұрмайтын тоған. Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Абай ауылында сондай тоған бар. Қыс пен көктем 8 миллион текше метр су жиналады. Бірақ 1-2 айда құмға сіңгендей жоғалады. Соның кесірінен ауыл тұрғындары мыңдаған гектар жерді тиімді пайдалана алмай отыр.  

Есесіне бөгеннің етегінен су кетіп жатқанын байқау қиын емес. Үнемі шылқып жатқан соң, 150 гектар жерді ажырық басып кеткен. Ол - өсімдік түгіл, ағаштардың да тамырын қысып көгертпейтін жабайы бұта.

Мердігерлер 160 миллион теңгені қалтасына басып тайып тұрған. Соның кесірінен жұрт 49 жылға пайға алған жерінен пайда көрмей отыр. Жыл сайын босқа салық төлейді. Ол аздай тоғанның кесірінен ауылдың ішіндегі бұлақ сулары көтеріліп, ондаған үй құлап қалған.

Ал бұл жағдайға тоғанның түк қатысы жоқ,- дейді Қазсушар кәсіпорнының өкілдері. Су қоймасының сапасыз жөнделгеніне де сенбейді. Айтуларынша, судың 80 пайызы егіске, 25 пайызы буланып ұшып кетеді.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу